Қытай ішкі және әлемдік нарықтардағы сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне қарай гелий экспортына қатысты бақылау шараларын дер кезінде түзетіп отырады. Бұл туралы ҚХР Сауда министрлігінің ресми өкілі Хэ Ядун кезекті баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қытай гелийдің ірі импорттаушысы болып табылады. Осыған байланысты ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету мақсатында билік бұл стратегиялық маңызды газдың экспортына уақытша тыйым салу туралы шешім қабылдаған.
Хэ Ядун шектеулер өткен жұма күні күшіне енгенін және олардың ҚХР-дың «Сыртқы сауда туралы» заңы мен Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелеріне сәйкес енгізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл шаралар уақытша сипатқа ие және нарықтағы жағдайға қарай түзетіліп отырады.