Ресей президенті Владимир Путин Қытай азаматтары үшін визасыз режимнің қолданылу мерзімін 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартты. Тиісті жарлық құқықтық ақпараттың ресми порталында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жарлыққа өзгерістер енгізіліп, ҚХР азаматтарының Ресейге кіруі мен шығуына қатысты уақытша визасыз тәртіптің қолданылу мерзімі 2026 жылғы 14 қыркүйектен 2027 жылдың соңына дейін ұзартылды.
Мамыр айында Қытайға жасаған мемлекеттік сапары барысында Владимир Путин Мәскеу мен Бейжің визасыз режим тәжірибесін жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеген болатын. Өз кезегінде, 20 мамырда ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякунь Қытай да екі ел арасындағы гуманитарлық алмасуды одан әрі жеңілдету мақсатында Ресей азаматтары үшін визасыз режимнің қолданылу мерзімін 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартқанын хабарлады.