ЮНЕСКО мен Халықаралық сәулетшілер одағының (UIA) шешімімен Бейжің 2029 жылғы Дүниежүзілік сәулет астанасы болып ресми түрде жарияланды. Тиісті шешім Бағдарламаның бірлескен комитетінің ұсынымы негізінде қабылданды.
Дүниежүзілік сәулет астанасы мәртебесі үш жылда бір рет Халықаралық сәулетшілер одағының Дүниежүзілік конгресін қабылдайтын қалаға беріледі. ЮНЕСКО мен Халықаралық сәулетшілер одағы бірлесіп жүзеге асыратын бұл бағдарлама сәулет, қала құрылысы, мәдениет және тарихи мұраны сақтау арқылы тұрақты қалалық дамуды ілгерілетуге бағытталған.
ЮНЕСКО-ның мәліметінше, Бейжің әлемдегі ең бай сәулет мұраларының бірін заманауи тұрақты қалалық даму қағидаттарымен үйлестіре білгені үшін таңдалған. Ұйымның бағалауынша, Қытай астанасының тәжірибесі тарихи мұраның, сәулеттегі инновациялардың және қала тұрғындарының мүдделерінің өзара үйлесім тауып, жайлы әрі тұрақты қалалық ортаны қалыптастыра алатынын айқын көрсетеді.