Қытай АҚШ-пен білім беру саласындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір білдірді

476
Фотосурет: Синьхуа

Қытай америкалық университеттердегі Конфуций институттарының қызметі ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді деген АҚШ тарапының мәлімдемелерінен кейін екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты шектеуге қарсы шықты.

ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякунь 26 қазанда өткен брифингте Конфуций институттарына тағылған айыптарды жоққа шығарып, екі ел арасындағы білім беру және гуманитарлық байланыстарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Мұндай мәлімдеме жасауға өткен аптада АҚШ тарапының америкалық университеттердегі Конфуций институттарының қызметін ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатер деп атағаны туралы хабарламалар себеп болды.

Қытай дипломатының айтуынша, білім беру саласындағы алмасулар Қытай мен АҚШ халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.

«Олар екі тараптың да мүдделеріне сай келеді және өзара пайда әкеледі. Сондықтан мұндай байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға болмайды», — деп мәлімдеді Го Цзякунь.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -