Синьхуа ақпарат агенттігінің бас директоры Фу Хуа Бейжіңде америкалық CNN телеарнасының аға вице-президенті Костас Икономуымен кездесті. Тараптар бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту және журналистикада жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін талқылады.
Кездесу CNN өкілі қатысу үшін Қытайға келген 7-ші Дүниежүзілік медиа саммиті аясында өтті.
Фу Хуа телеарнаға халықаралық форумға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, оның журналистік қызметте жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану тәсілін жоғары бағалады. Ол әлемнің жетекші бұқаралық ақпарат құралдары арасында тәжірибе алмасудың және медиа саласында интеллектуалды технологияларды қолдану аясын кеңейтудің маңызын атап өтті.
Костас Иконому өз кезегінде CNN мен Синьхуа арасындағы ынтымақтастықтың оң қарқынмен дамып келе жатқанын айтты. Америкалық телеарна өкілі серіктестікті одан әрі нығайтуға, кәсіби тәжірибе алмасуды кеңейтуге және журналистикада жасанды интеллектіні пайдалану мүмкіндіктерін бірлесіп зерттеуге мүдделі екенін білдірді.