COP31 конференциясында климаттық қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындауға шақырды

588
Фотосурет: Xinhua

Елдер климаттық жобаларды қаржыландыру жөніндегі уәделерден нақты іске көшуі тиіс. Осындай үндеуді БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі 31-ші конференциясының (COP31) төрағасы, Түркияның қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрі Мұрат Курум жасады.

«Синьхуа» агенттігіне берген сұхбатында ол бұрын қабылданған міндеттемелерді орындау климаттың өзгеруіне қарсы табысты күрестің басты шарттарының бірі болатынын атап өтті.

Әңгіме, ең алдымен, 2024 жылы Бакуде қол жеткізілген келісім туралы болып отыр. Ол дамушы елдерді қолдау үшін 2035 жылға қарай жыл сайын 300 миллиард доллар жұмылдыруды көздейді.

Климаттық бастамаларды жүзеге асыруды жеделдету мақсатында Түркия БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірлесіп, Climate Implementation Bridge - «Климаттық шараларды іске асыру көпірі» атты жаңа тетікті іске қосады. Оның міндеті - қаржылық міндеттемелерді нақты жобаларға айналдыруға жәрдемдесу.

Мұрат Курум Қытайдың экологиялық таза энергетиканы дамытуға қосқан үлесін де ерекше атап өтті.

«Қытай жаңартылатын энергия көздері саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Оны осы бағыттағы әлемдік көшбасшы деп айтуға болады», - деді COP31 төрағасы.

Оның айтуынша, ҚХР климат мәселелеріне қатысты күн тәртібіндегі негізгі тақырыптарды талқылауға белсенді қатысады, айтарлықтай технологиялық әлеуетке ие және өз тәжірибесін басқа елдермен бөлісуге дайын.

Курум сондай-ақ тиісті технологиялардың арзандауы аясында жаңартылатын энергетикаға салынатын инвестиция көлемінің өсіп келе жатқанына назар аударды.

COP31 конференциясы қорытынды аптасына аяқ басты және жұма күні аяқталуы тиіс. Негізгі мәселелер қатарында климаттық бағдарламаларды қаржыландыру, климаттың өзгеруіне бейімделу және парниктік газдар шығарындыларын азайту бар.

Конференция төрағасы қатысушылар қабылданған шешімдердің орындалуын және елдердің алдағы іс-қимылдарын бақылаудың нақты тетіктерін келіседі деген үміт білдірді.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -