Елордада велошабандоздар арасында чемпионат басталды

700

Астанада жастар мен жасөспірімдер арасында велоспорттан Мэдисон жарысы бойынша Қазақстан Ашық чемпионаты басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Аталған бәсекеде скретч жарысынан да Қазақстан Республикасының кубогы сарапқа салынады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Айтулы бәсекеде 60-қа жуық спортшы қатысуда. Олардың 17-і Астана қаласының велошабандоздары. 16 ақпанға дейін жалғасатын чемпионат «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.

Еске сала кетейік, 10-12 ақпан күндері елордада элиталық санаттағы спортшылар спринт омниумынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Бұл сында 40-тан астам велошабандоздар қатысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -