АҚШ – Орталық Азиядағы негізгі әріптес болып қала береді

3388
Photo by: Gov

Астанада қазақ-америкалық ынтымақтастығының перспективалары талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин АҚШ Мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі бюросының жоғары лауазымды өкілі Эрик Мейермен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделілік танытып, барлық деңгейде тұрақты байланыстарды қолдап отыруға уағдаласты. Осыған байланысты екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейін растайтын АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың шақыруымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің жуырдағы Вашингтонға жасаған сапарының маңыздылығы ерекше аталып өтті.

DKNews International News Agency is registered with the Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan. Registration certificate No. 10484-AA issued on January 20, 2010.

Theme
Autoreload
МИА «DKnews.kz» © 2006 -