Қазақстан мен Өзбекстан өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайтуда

1056
Photo by: Gov

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту, бірлескен жобалар мен «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперацияның орталығын іске қосуға дайындық мәселелері талқыланды.

Екі елдің Мемлекет басшыларының кездесулерінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды орындаудың маңыздылығы атап өтілді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін растады

DKNews International News Agency is registered with the Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan. Registration certificate No. 10484-AA issued on January 20, 2010.

Theme
Autoreload
МИА «DKnews.kz» © 2006 -