4 ақпан күні Бейжіңде 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Салтанатты іс-шара Бейжіңдегі Ұлттық стадионда ұйымдастырылды. 2008 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ашылуы да дәл осы жерде өткен болатын.
CNN, Beijing2022, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі, Getty Images
CNN, Beijing2022, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі, Getty Images
Ашылу салтанатындағы қойылымды әйгілі режиссер Чжан Имоу басқарды. Ол 14 жыл бұрын өткен жазғы Олимпиаданың ашылуын да ұйымдастырған.
CNN, Beijing2022, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі, Getty Images
CNN, Beijing2022, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі, Getty Images
CNN, Beijing2022, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі, Getty Images
Шоуға үш мыңнан аса актер қатысты. Олардың 90 пайыздан астамы жастар (ең кіші қатысушы 5 жастар). Олардың идеясын жүзеге асыруға арнайы эффектілер, музыка, арнайы дайындалған ән мен би және отшашулар көмектесті.
CNN, Beijing2022, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі, Getty Images
CNN, Beijing2022, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі, Getty Images
Қатысушы мемлекеттердің шеруінде Қазақстан құрамасына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол бұлғады. Ол салтанатты шараның құрметті қонақтарының қатарынан орын алды. Ал Абзал Әжіғалиев пен Екатерина Айдова еліміздің көк туын көтеріп шықты.
Токиода ерекше костюммен әлем назарын аударған қазақстандықтар бұл жолы да көпшілік көңілінен шықты. Айдова мен Әжіғалиев сақ патшайымы Томирис пен қазақ батырының образын әлем алдында паш етті.
CNN, Beijing2022, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі, Getty Images
Ашылсу салтанатында сөз алған Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах олимпиадалық қозғалысты дамытудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Содан соң, Қытай басшысы Си Цзиньпин қысқы Олимпиада ойындарын ашық деп жариялады.