Сотқа жүгінбей-ақ төлем төленеді — Қазақстанда жол апаты бойынша жаңа ережелер күшіне енді

2310
Фотосурет: freepik.com

Жол-көлік оқиғаларының бес жағдайының төртеуінде қазақстандықтар КҚИ АҚЖС бойынша төлемдерді жеделдетілген тәртіппен ала алады

Қазақстанда жол-көлік оқиғаларынан келтірілген залалды өтеудің жаңартылған тәртібі күшіне енді. Енді, ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 1 бөлігінде көзделген жағдайларда (жол-көлік оқиғасында ешкім зардап шекпеген жағдайда) сақтандыру ұйымдары сот шешімін күтпей-ақ зардап шеккендерге өтемақы төлейтін болады.

Жасыратыны жоқ, автокөлік иелері сақтандыру төлемдерінің кешіктірілуіне үнемі шағымданады: сақтандырушылар оқиғаның мән-жайын мұқият тексереді, жазатайым оқиға бойынша сот шешімдерін күтеді, мұның барлығы сақтанушылардың наразылығын тудыратыны сөзсіз.

Еурохаттама бұл мәселенің бір бөлігін шешуге мүмкіндік берген болатын. 2024 жылдың қаңтарынан бастап полицияның қатысуынсыз жол-көлік оқиғаларын тіркеудің оңайлатылған тәртібі күшіне енді. Шарттары бойынша тек екі көлік соқтығысып, зардап шеккендер болмай, көлікке келтірілген шығын көлемі 100 АЕК-тен аспау керек. Көлік иелеріне жол-көлік оқиғасының сызбасын салудың қажеті жоқ – бүлінген жерді суретке түсіріп, мәлімдемемен бірге арнайы жүйеге жүктеуі жеткілікті.

Алайда, егер келтірілген залал мөлшері 100 АЕК-тен жоғары болса немесе тараптар зиянды бағалау жөнінде келісімге келмесе, бұрынғы тәртіп бойынша қаралады. Жол-көлік оқиғасына қатысушылар сотқа әкімшілік хаттама толтыратын полицияны шақыруға мәжбүр болады. Көптеген сақтандыру компаниялары төлемдерді сот шешімінен кейін ғана жүзеге асырды. Нәтижесінде төлемдерді айлап күтуге тура келді.

Нарықта айрықша жағдайлар болғанын айта кету керек: мысалы, өткен жылдан бастап «СК Freedom Insurance» АҚ компаниясы сотсыз алдын-ала шара қолдану тәжірибесін енгізді – төлемдер әкімшілік полицияның актісі негізінде сот шешімі шығарылғанға дейін жүзеге асырылады.

Биыл көктемде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген жаңа өзгерістер күшіне енді. Енді сақтандыру компаниялары Еурохаттама қолданылмаса да, келесі шарттар орындалса, сот шешімін күтпей-ақ төлем жасауға міндетті:

  • оқиға кінәлісі өз кінәсін мойындаса
  • кінәлі өзіне салынған айыппұлды жеті күн ішінде төлесе (50 пайыздық жеңілдікпен).

Төлемдерді алу үшін жәбірленуші сақтандыру компаниясына кінәліден алынған айыппұлды төлегені туралы түбіртектің көшірмесін өткізуі керек. Нарық мамандарының айтуынша, басым көпшілігінде кінәсін мойындаған көлік жүргізушілері еш қарсылықсыз жәбірленушіге төлем құжаттарының көшірмелерін береді.

«СК Freedom Insurance» сарапшыларының бағалауы бойынша, жаңа тәртіп елдегі жол-көлік оқиғаларының 80%-на дейін әсер етуі мүмкін.

«СК Freedom Insurance» АҚ басқарма төрағасы Азамат Керімбаев атап өткендей, «Жаңа тәртіп өтемақы төлемдерін айтарлықтай жылдамдатып, автокөлік иелерінің жайлылығын арттырып қана қоймай, сақтандыру секторын цифрландырудың тиімділігін растайды. Нарық қатысушыларының өтемақы тетіктерін оңтайландыру жөніндегі жұмыстары айтарлықтай жемісін беруде», - деп атап өтті.

Маманның айтуынша, сақтандырушылар азаматтарды автокөлікті сақтандыру жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастырады. Нарық қатысушылары КҚИ АҚЖС бойынша төлемдердің шегін көтеру және сақтандырушыларға икемді баға саясатын жүргізу мүмкіндігін беру қажет деп санайды. Бұл зардап шеккендерге төлем мөлшерін арттырып, сақтандыру өнімінің компаниялар үшін зияндылық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бұл деңгей 100%-дан асып кетуі мүмкін, яғни компанияларға мүлде пайда әкелмей, керісінше, шығын келтіреді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -