Қазақстан Республикасының Елшісі Жәнібек Әбдрашов «Hungexpo – Travel 2022» халықаралық туризм көрмесінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Көрменің ашылу салтанатында «Hungexpo» ЗАО бас директоры Габор Ганцер мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийярто сөз сөйледі.
Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы көрмеге қатысуда. Іс-шара қатысушыларының назарына «Kazakh tourism» ҰК АҚ шығарған Қазақстан бойынша ақпарат-кітапша ұсынылды, сонымен қатар қазақстандық павильон қонақтарына Қазақстанның әлемдегі орны, туристік және инвестициялық әлеуеті, сондай-ақ Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы ақпарат жеткізілді.