Қазақстанда Отбасыны ресурстық қолдау орталықтары ашылады

8954

Өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларға кәсіби кеңес беруге арналған орталықтар еліміздің 17 өңірінде ашылады, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

«Біздің ресурстық орталықтарда өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларға құқықтық, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру және басқа да мәселелер бойынша «бір терезе» қағидатымен ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау көрсетілетін болады», - деді «Дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ басшысы Зульфия Байсакова.

Алматыда орталық Зенков көшесі, 15 мекен-жайы бойынша жұмыс істеп жатыр. Жақын арада ресурстық қолдау орталықтары еліміздің барлық өңірлерінде ашылады деп күтілуде, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Біздің жобамыз қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды әлеуметтік қолдауға бағытталған. Біз осы санаттағы қазақстандықтарға өз бизнесін ұйымдастыру дағдыларын пысықтауға мүмкіндік беретін курстарды ұйымдастырғымыз келеді. Бүгінгі таңда оқытудан өткен азаматтарға грант алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалар аз емес қой», - деп атап өтті Зульфия Байсакова.

Жоба аясында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан қазақстандықтар үшін түрлі мамандықтар бойынша курстар ұйымдастырылады. Осылайша олар тігінші, SMM маманы, бухгалтер, тырнақ дизайны бойынша шебер сияқты мамандықтарды игере алады.

Әлеуметтік жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -