АХҚО Tech Hub Astana Finance Days 2022 шеңберінде жаңа корпоративтік инновациялар орталығының іске қосылатыны туралы хабарлады

1584

Astana Finance Days 2022 Халықаралық конференциясы барысында АХҚО Tech Hub «ФРИИ Акселераторы»-мен әріптестікте жаңа CorpUp Central Asia корпоративтік инновациялар орталығының іске қосылатыны туралы хабарлады.

CorpUp Central Asia мақсаты - инновациялық консалтинг, технологиялық скаутинг, корпоративтік акселерация, өңірдің корпорациялары мен стартаптары үшін оқыту және нетворкинг іс-шараларын өткізу қызметтері арқылы инновацияларды дамытуда және бизнестің тиімділігін арттыруда Орталық Азияның ірі бизнесіне жәрдемдесу. Осының барлығы компанияларға инновацияларды енгізуге жұмсалатын шығындарды қысқартуға және жаңа өнімдерді нарыққа шығаруды жеделдетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

CorpUp Central Asia ірі бизнеске арналған 30-дан астам корпоративтік акселераторды іске асырған, ТМД-дағы технологиялық стартаптардың ірі базаларының бірін жинаған, Қазақстан, Өзбекстан және басқа да Орталық Азия елдерінің компанияларының нарығы мен технологиялық міндеттерін терең түсінетін командамен құрылған.

CorpUp Central Asia компанияларға инновациялармен жұмыс істеу стратегиясын алғашқы әзірлеуден бастап ішкі өнім командаларын дамытуға және стартап шешімдерін интеграциялауға көмектесетін корпоративтік инновацияларды енгізу жөніндегі өңірлік орталыққа айналуды жоспарлап отыр.

2021 жылы АХҚО Tech Hub және «ФРИИ акселераторы» командалары Mastercard халықаралық төлем жүйесінің қолдауымен еліміздің банктерімен жұмыс істеуге мүдделі технологиялық стартаптар үшін Қазақстанның алғашқы финтех-акселераторын іске қосты. Шешімдерді іздеу 11 бағыт бойынша жүргізілді және акселераторға 272 өтінім қаралды. Бағдарламаның серіктес банктері Altyn Bank, Eurasian Bank және Freedom Finance Bank болды.

«Бұл жоба ашық инновацияларды дамыту, соңғы технологияларды енгізу және тестілеу тұрғысынан Қазақстан мен Орталық Азия өңірінің болашағы зор екенін көрсетті. Корпорациялардың стартаптармен жұмыс істеуге деген қызығушылығы артып келеді және осы процесті сүйемелдеуге дайын сенімді серіктес қажет. Болашақта CorpUp Central Asia бағдарламаларына қатысу үшін B2B стартаптар өз шешімдерін ұсына алады, ал түрлі салалардағы корпорацияларды ынтымақтастыққа шақырамыз», — дейді АХҚО Tech Hub корпоративтік инновациялар жөніндегі басшысы Әсел Абдрахманова.

CorpUp Central Asia қызметтері мен жобалары туралы толығырақ білуге және өз бизнес-міндеттеріңіз туралы мәліметті сайтында қалдыруға болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -