ҰҚШҰ Біріккен штабының брифингі өтті

1628

Брифинг барысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштері мен құралдарының басқару органдары мен құралымдарының бірлескен оқу-жаттығуларды өткізуге дайындығы туралы хабардар етті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Бейнеконференция режимінде өткен іс-шараға ұйымға мүше Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінің қорғаныс ведомстволары мен аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Брифингке қатысушылар бірлескен жедел және жауынгерлік дайындық аясында жоспарланған іс-шаралар кешені туралы, өткізілетін іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттері, тартылатын күштер мен құралдар туралы, сондай-ақ 2022 жылы ҰҚШҰ әскерлерінің (ұжымдық күштерінің) бірлескен оқу-жаттығуларының ерекшеліктері туралы ақпараттандырылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -