«Астана» Халықаралық қаржы орталығында Қазақстанда ESG-стандарттарын енгізу мәселелері талқыланды

1661

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров АХҚО алаңында өтіп жатқан Халықаралық инвесторлар апталығы аясында ESG Investment Forum-ға қатысты. Кездесу ашық пікірталас форматында өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

ҰЭМ басшысы қазіргі уақытта Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Стратегиясының жобасы пысықталып жатқанын айтты. Мүдделі тараптардың пікірлері ескерілетін болады. Құжатты алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға толық сәйкестендіру үшін ауқымды жұмыс жүргізілуде.

«Стратегияда жұмыс орындарын құруға және көміртегі бейтараптығына әділ көшуге ерекше назар аударылады. Бұл ретте экономикалық дамудың жаңа моделі климаттың өзгеруіне тұрақты болуы тиіс» Әлібек Қуантыров

Стратегия экономиканың көптеген әлеуметтік аспектілерін қамтитынын ескере отырып, әсіресе климаттың өзгеруіне осал салаларда халық пен бизнесті қолдау тетіктерін әзірлеу қажет. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы мен көмір өнеркәсібі.

Сонымен қатар, ESG қағидаттарына тек қаржы секторы ғана емес, мемлекеттік басқару саласы да ұмтылуы керек.

«Қазақстанда ESG стандарттарын мемлекеттік басқаруға енгізу бойынша жұмыс кезең-кезеңмен жүргізілуде. Болашақта бұл мемлекеттік органдарды өз қызметінің әлеуметтік салаға және қоршаған ортаға әсер ету нәтижелерінің ашықтығын арттыруға ынталандырады» Әлібек Қуантыров

Сондай-ақ, ол биыл Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңында Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша екінші Ерікті ұлттық шолуды таныстырғанын еске салды.

Оның басым бағыттары: «Кедейлікті жою», «Жақсы денсаулық және амандық», «Таза су мен санитария» және «Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу».

ESG стандарттары қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, жоғары әлеуметтік жауапкершілікті және корпоративтік басқаруға қойылатын сапалы талаптарды қамтиды. Соңғы жылдары бұл қағидаттарды халықаралық қаржы ұйымдары инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде критерий ретінде жиі ескереді және әлемдік қаржы нарықтарына қол жеткізу дәрежесіне әсер етеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -