Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Реджеповпен кездесті. Жүздесу барысында Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы мен екі ел арасындағы маңызды стратегиялық серіктестік туралы айтылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.


Дархан Қуандықұлы Батыр Реджеповті 20-21 желтоқсанда Астанада өтетін Орталық Азия медиа форумға қатысуға шақырды.
 
                                             
                                                             
                                                             
                                                             
                                                            