Мажарстанның Мемлекеттік жиналысында Қазақстандағы президенттік сайлауының қорытындылары талқыланды

681

Қазақстан Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстан Мемлекеттік жиналысының (Парламент) «Қазақстан-Мажарстан» парламентаралық ынтымақтастық тобының құрылтай отырысына қатысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қазақстаның Елшісі жаңадан құрылған парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшелері алдында сөз сөйлегенде 2022 ж. 20 қарашада өткен кезектен тыс президенттік сайлаудың қорытындылары туралы баяндама жасап, қайта сайланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 81,3% дауыс жинап, жеңіске жеткенін аттап өтті.

Қазақстандық дипломат президенттің өкілеттіктерін биліктің басқа институттарына қайта бөлуге, биліктің өкілді тармағын қайта пішімдеуге, сайлау жүйесін жетілдіруге, құқық қорғау институттарын нығайтуға, сайлау процесін жаңғыртуға бағытталған елде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға тоқталды.

Өзінің алғы сөзінде Мажарстанның Қаржы министрі, «Қазақстан-Мажарстан» парламентаралық ынтымақтастық тобының, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның, Стратегиялық кеңестің тең төрағасы Михай Варга Қ. Тоқаевтың сайлауда сенімді жеңіске жеткені қазақстандықтардың елде онымен жүргізіліп жатқан саяси реформаларға жоғары сенімін көрсетті.

Мажарлық саясаткер Қазақстан Еуропа одағы мен Орталық Азия арасында шешуші рөл атқаратынын, ал Мажарстан ЕО-ның мүшесі бола отырып, өзара әрекеттестіктің барлық салаларында Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, кездесуде ынтымақтастық тобының мүшелері сөз сөйлеген кезде, Қазақстан мен Мажарстанның парламентаралық ынтымақтастығын нығайтуға қызығушылығын атап өтті, сондай-ақ екі елдің өңірлері арасындағы қарым-қатынасты дамытудың жоғары әлеуетін білдірді.

Құрылтай жиналысының қорытындылары бойынша мажар парламентшілері биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толатынын атап өтіп, Қазақстандағы демократияның нығаюына оң бағасын берді, сондай-ақ Қазақстан-Мажарстан парламентаралық байланыстарын тереңдету перспективаларын белгіледі.

Айта кетері, «Қазақстан-Мажарстан» парламентаралық ынтымақтастық тобы Мажарстан Мемлекеттік жиналысында 1994 жылдан бері жұмыс атқарады. Ынтымақтастық тобының құрамы 2022 жылғы 4 қарашада жаңартылды. Жаңадан құрылған топтың құрамына Мажарстан парламентінің депутаттары қатарынан топтың бұрынғы мүшелерінен басқа жаңа мүшелері де кірді, сондай-ақ олардың барлығы екі елдің парламентаралық ынтымақтастығын дамытуға ынталы. «Қазақстан-Мажарстан» парламентаралық ынтымақтастық тобы мүшелерінің соңғы отырысы 2021 жылы 17 қыркүйекте онлайн форматта өткізілді. Қазақстан тарапынан топтың тең төрағасы ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы М. Құсайынов болып табылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -