XVI Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде жеңіске үміткер фильмдер тізімі мен қазылар алқасының құрамы жарияланды

11616

XVI Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде қазылар алқасының үш құрамы жұмыс істейтін болады. Олар бес номинация бойынша халықаралық және ұлттық байқаулардың жеңімпаздарын анықтайды. Фестиваль дәстүрлі түрде Еуразия континентінің әртүрлі елдерінен келген жетекші режиссерлердің кең ауқымды картиналарын ұсынады. Бүгін байқаудың ұйымдастыру комитеті конкурсқа ұсынылған толық метражды 30 фильмнің тізімін жариялады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Халықаралық көркем фильмдер байқауы

  1. «Лили мен теңіз» (Франция – Исландия – Бельгия), режиссері Динара Друкарова.
  2. «Иль Боемо» (Чехия – Италия – Словакия), режиссері Петр Вацлав.
  3. «Керр» (Түркия – Греция – Франция), режиссері Тайфун Пирселимоглу.
  4. Памфир (Украина – Франция – Польша – Германия – Чили), режиссері Дмитрий Сухолиткий-Собчук.
  5. «4-ші Брайтон» (Грузия – Ресей – Болгария – Монако – АҚШ), режиссері Леван Кугуашвили.
  6. «Мені Ивансыз жерлемеңдер» (Ресей), режиссері Любовь Борисова.
  7. «Әдемі Елена» (Грузия – Түркия – Франция), режиссері Георгий Овашвили.
  8. «Мәрмәр тастай суық» (Әзірбайжан – Франция), режиссері Асиф Рустамов.
  9. «Құдайдың шақыруы» (Эстония – Латвия – Қырғызстан), режиссері Ким Ки Дук.
  10. «Қабырғаның ар жағында» (Иран), режиссері Вахид Джалилванд.
  11. «Есімде» (Қырғызстан – Жапония – Нидерланды – Франция), режиссері Ақтан Арым Кубат.
  12. «Әйел» (Қытай), режиссері Ван Чао.
  13. «Ағайындылар» (Қазақстан), режиссері Дархан Төлегенов.
  14. «Боран» (Қазақстан), режиссері Сәбит Құрманбеков.
  15. «Ешқайда апармайтын жол» (Өзбекстан), режиссері Камара Камалова.

Халықаралық байқаудың қазылар алқасы

Қазылар алқасының төрағасы

Әли Хамраев – Өзбекстандық танымал кинорежиссер және сценарист, ол 20 көркем және 40-қа жуық деректі және телевизиялық фильмдер түсірген.

Қазылар алқасының мүшелері

  • Эрнест Әбдіжапаров – қырғызстандық кинорежиссер, сценарист және продюсер, 20-дан астам халықаралық кинофестивальдердің қатысушысы және лауреаты.
  • Сергей Дворцевой – қазақстандық және ресейлік кинорежиссер, сценарист, продюсер, Америка киноакадемиясының қазылар алқасының мүшесі.
  • Русудан Глурджидзе – грузин кинорежиссері, сценарист және продюсер, халықаралық кинофестивальдердің бірнеше дүркін жүлдегері.
  • Талғат Теменов – қазақстандық режиссер, сценарист, актер, педагог, профессор. Қазақстанның Халық артисі (1998).

Ұлттық көркем фильмдер байқауы

  • «Схема», режиссері Фархат Шарипов.
  • «Ақын», режиссері Дарежан Өмірбаев.
  • «Қызыл анар», режиссері Шәрипа Оразбаева.
  • «Паралимпиадашы», режиссері Алдияр Байрақымов.
  • «Дос-Мұқасан», режиссері Айдын Сахаман.
  • «Мұқағали», режиссері Болат Қалымбетов.
  • «От», режиссері Айжан Қасымбек.
  • «Отау», режиссері Әлішер Жәдігеров.
  • «Анашым, мен тірімін!», режиссерлері Азиз Заиров, Мұхамед Мамырбеков.
  • «Тау пиязы», режиссері Эльдар Шибанов.
  • «Жаз жақында аяқталады», режиссері Яна Скопина.
  • «Өмір», режиссері Әмір Байғазин.
  • «Ауыл», режиссері Серік Апрымов.
  • «Зере», режиссері Дәурен Қамшыбаев.
  • «Күнбағыс», режиссері Эля Гилман.

Ұлттық байқаудың қазылар алқасы

Қазылар алқасының төрағасы

Лайла Пакалнина – Латвиядан келген кинорежиссер және сценарист, 32 деректі және 11 көркем фильмнің авторы, олардың көпшілігі ірі еуропалық кинофестивальдердің жүлделерін жеңіп алған.

Қазылар алқасының мүшелері

  • Хана Махмальбаф – ирандық режиссер және сценарист, Мохсен Махмалбафтың қызы әрі шәкірті, беделді халықаралық кино марапаттарының лауреаты.
  • Сано Синдзю – жапондық продюсер, режиссер және сценарист, ол Қазақстан мен Жапонияның бірлескен өндірісінің бірқатар фильмдерін түсірген.
  • Милко Лазаров – Болгар режиссері, сценарист, продюсер және актер, халықаралық кинофестивальдердің бірнеше дүркін қатысушысы және жүлдегері.
  • Олег Борецкий – қазақстандық кинотанушы, СТВ («Рахат») телеарнасындағы «Киноклуб» бағдарламасының, сондай-ақ «Цезарь» (Алматы) кинотеатры базасындағы «Олег Борецкий киноклубы» арнайы жобасының авторы және жүргізушісі.

Азия киносын ілгерілету жөніндегі халықаралық желінің (NETPAC) қазылар алқасы

Қазылар алқасының төрағасы

Азхари-Гийон – Франциядан келген кинотанушы және журналист, араб тілді БАҚ - қа арналған мақалалардың авторы. FIPRESCI, NETPAC, Франция киножурналистер Одағының және «Люмьер» академиясының мүшесі.

Қазылар алқасының мүшелері

  • Шарофат Арабова – тәжік режиссері және кинотанушы, NETPAC мүшесі, Душанбе Халықаралық кинофестивалінің арт-директоры. Көптеген халықаралық кинофестивальдердің қазылар алқасының жұмысына қатысқан.
  • Сұлтан Усувалиев – Қырғызстаннан келген кино тарихшысы. ВГИК аспирантурасының түлегі, өнертану кандидаты, Film Sense журналының бас редакторы.

Фестивальдің ресми ашылуы мен жабылу салтанаты Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында ұйымдастырылады. Кино көрсетілімдері Kinopark 16 кинотеатрында (Forum СОО) өтеді.Фестиваль офисі мен баспасөз орталығы Holiday Inn Express Almaty қонақ үйінде орналасқан.

БАҚ аккредиттеу ресми сайтта жалғасуда. Аккредиттеуге тікелей сілтеме.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -