«Еуразия» фестивалі қарқын алуда

8624

XVI «Еуразия» халықаралық кинофестивалі жұмысының екінші күнінде биылғы Венеция кинофестивалінде тұсауы кесілген қазақстандық «Тау пиязы» картинасының қоюшы режиссері Эльдар Шибановтың баспасөз конференциясынан басталды. Ал кеше фестивальдің жұмыс бағдарламасы «Еуразия» ұлттық байқауына қатысатын осы дебюттік толықметражды картинаның көрсетілімінен басталды. Бір қызығы, бұл оқиға жас режиссердің туған күнімен тұспа-тұс келді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Кездесудің модераторы фестивальдің іріктеу комиссиясының мүшесі, кинотанушы, өнертану кандидаты Инна Смаилова болды.

Журналистерге берген жауаптарында автор ешқандай мемлекеттік қаржыландырусыз жобаны қалай жүзеге асыруға болатындығы, Венеция фестивалінің іріктеушілерін қалай қызықтырғаны, ЮНЕСКО-ның Орталық Азия сценарий шеберлігі зертханасына кіріп, Biennale College Cinema бағдарламасы аясында грант алғаны туралы айтып берді. Картинаны шығару сәттері туралы әңгіме де қызықты болды: пікірлес адамдар тобы қалай таңдалды және балалармен бірге түсірілім алаңында жұмыс істеу қиын болды ма, сонымен қатар сюжеттік желі мен картинаның жанрын таңдау туралы сөз қозғалды.

Айта кету керек, фильм жарқын және әсерлі болып шықты және көрсетілімде де үлкен жетістікке жетті. Лық толы зал. Ал көрермендер көрсетілімнен кейін авторға алғыс білдірді. Режиссер комедияның жанрлық түрін байыпты авторлық жанрмен түйістіре алды. Нәтижесінде ересек әлем, оның проблемалары, отбасындағы келіспеушіліктер баланың көзімен көрсетілген керемет туынды шыққан.

Kinopark 10 Forum кинотеатрында фильм көрсетілімдері жалғасты. Халықаралық байқаудан «За стеной» (Иран; режиссер Вахид Джалилванд), «Лили и море» (Франция – Исландия – Бельгия; режиссер Динара Друкарова), «Керр» (Түркия – Греция – Франция; режиссер Тайфун Пирселимоглу) фильмдері көрсетілді. Ұлттық байқаудан – «Мұқағали» (режиссер Болат Қалымбетов), «Қызыл анар» (режиссер Шарипа Уразбаева), «Скоро кончится лето» (режиссер Яна Скопина). Ал «Ерекше оқиға» конкурстан тыс бағдарламасы көрермендерді биылғы фестивальдің бірінші лауреаты («Орталық Азия киносының дамуына қосқан үлесі үшін» сыйлығы), халықаралық байқаудың қазылар алқасын басқаратын Әли Хамраевтың «Самарқандағы қауынның дәмі» картинасымен қуантты.

Сондай-ақ, «Жаңа есімдер» конкурстан тыс қысқаметражды фильмдер бағдарламасы басталды. Шығармашылық жолын енді бастаған жас қазақстандық кинематографистер көрермендердің сотына бес картинаны ұсынды: Один день» (17 мин., режиссер Амир Шагилбаев), «Рух» (30 мин., режиссер Михаил Плиско), «Korgalzhyn» (20 мин., режиссер Әзімжан Диас), «Гүлмира» (21 мин., режиссер Айнамкөз Емжарова), «Дипломмен ауылға» (28 мин., режиссер Самғар Рақым).

 

Соңында, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында әйгілі ирандық режиссер Мохсен Махмалбафтың қызы және шәкірті – режиссер және сценарист Хана Махмалбафтың шеберлік сыныбы өткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -