Қазақстанның сыртқы саясаты: негізгі оқиғалар

1814

ҚР СІМ алқасы туралы

Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Қазақстан Сыртқы істер министрлігі алқасының отырысы өтті. Онда сыртқы саяси ведомствосының 2022 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, ағымдағы сын-қатерлер мен алдағы кезеңге арналған жұмыс контурлары айқындалды. Алқа жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан да қатысты.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Министрлік 2020 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Сыртқы саясат тұжырымдамасын одан әрі тиімді іске асыруға бағытталғанын атап өтті. Шекараның периметрі бойынша қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, Қазақстанның өңірлік және жаһандық саясат субъектісі ретіндегі рөлін арттыру, ұлттық мүдделерді қорғау және қамтамасыз ету мұндағы басымдықтар болып қала береді.

Өз кезегінде Президенттің арнайы өкілі Мемлекет басшысының министрліктің жұмысына ерекше назар аударып, дипломатиялық қызметті жетілдіру тұрғысынан нақты нәтиже күтетінін баса айтты.

Алдағы кезеңде Мемлекет басшысының Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік хабын құру, БҰҰ қамқорлығымен Биоқауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру, сондай-ақ БҰҰ-да Даму мақсатында волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау сияқты бастамаларын ілгерілетуді жалғастыру тапсырылды. Сонымен қатар, еліміздің 2023-2024 жылдардағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына және ағымдағы жылы Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) тиімді төрағалық етуін қамтамасыз етудің, оның ішінде ү.ж. күзде Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммитін сапалы өткізу маңыздылығы атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша М. Тілеуберді сыртқы саяси ведомствосының алдына бірқатар жаңа мақсат қойып, ведомство жұмысының барлық бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берді.

Қазақстанда Мексика елшілігінің ашылуы туралы

2023 жылғы 12-13 қаңтарда Мехико қаласында Мексиканың Сыртқы істер министрі Марсело Эбрардтың сол елде аккредиттелген дипломатиялық корпуспен 34-ші жыл сайынғы кездесуі өтті. Министр Марсело Эбрард өз сөзінде ағымдағы жылда тұрған мақсаттар туралы айта отырып, 2023 жылы Мексика бес жаңа елшілікті, оның ішінде Қазақстанда да елшілік ашатынын ресми түрде жариялады.

Қазақстан Мексика үкіметінің шешімін құптайды және Мексиканың Астанада елшілігін ашуға қажетті көмек көрсетуге дайын.

Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы отырысы туралы

Бүгін, 2023 жылғы 16 қаңтарда Швейцарияның Давос қаласында Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы отырысы басталды. Іс-шара 2023 жылғы 20 қаңтарға дейін жалғасады.

Форумның тақырыбы: «Бөлінген әлемдегі ынтымақтастық». Қазақстан тарапынан осы іс-шараға ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев қатысады.

Ауғанстан бойынша Еуропалық одақ пен Орталық Азия елдерінің арнайы өкілдерінің кездесуі туралы

2023 жылғы 19-20 қаңтарда Брюссельде ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев бастаған қазақстандық делегациясы Ауғанстан бойынша Еуропалық одақ пен Орталық Азия елдерінің арнайы өкілдерінің кездесуіне қатысады. Тараптар Ауғанстандағы ахуал және оның Орталық Азия өңіріне әсері бойынша ең өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.

Қазақстандық делегацияның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі дүниежүзілік форумға қатысуы туралы

Ағымдағы жылдың 18-20 қаңтар аралығында XV Дүниежүзілік азық-түлік және ауыл шаруашылығы форумы мен «Жасыл апта – 2023» халықаралық көрмесіне қатысу үшін Министр Ербол Қарашөкеев бастаған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі делегациясының Берлинге сапары жоспарлануда.

Халықаралық «жасыл апта» – ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі және бау-бақша саласындағы ең ірі халықаралық көрме-жәрмеңке. Ол 1926 жылдан бері Берлинде жыл сайын өткізіліп келеді. Іс-шара аясында қазақстандық тарап халықаралық азық-түлік индустриясының озық технологиялық әзірлемелерімен және өнімдерімен танысады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қылмыстық мақсаттарда пайдалануға қарсы іс-қимыл туралы

2023 жылғы 9-20 қаңтар аралығында Вена қаласында (Аустрия) ҚР Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері БҰҰ Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қылмыстық мақсаттарда пайдалануға қарсы іс-қимыл туралы жан-жақты халықаралық конвенцияны әзірлеу жөніндегі Арнайы комитетінің 4-ші субстантивтік сессиясына қатысуда.

Іс-шараның басты мақсаты – қазіргі таңда халықаралық қауіпсіздіктің ең өзекті қатерлерінің болып табылатын киберқылмысқа қарсы саласындағы жаңа әмбебап конвенцияны әзірлеу. Арнайы комитет 2019 жылы Қазақстан Республикасы тең авторы болған БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясына сәйкес құрылған болатын.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -