ҚазҰУ ұжымы Түркияда зардап шеккендер үшін арнайы гуманитарлық пункт ашып, 40 млн теңге аударды

1763

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға белсенді көмек көрсетуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Табиғи апат орын алған сәтте оқу орнының оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері бір күндік жалақысын аударды.

Білім ордасында Ректор Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың бастамасымен жиналған қаражат 40 млн теңгені құрайды.

Бұған қоса, көшбасшы университет арнайы гуманитарлық көмек беру орталығын ашты.

Жәрдем қабылдау пунктінде еріктілер қолдауымен 20 киіз үй, көрпе-жастық, қалың төсеніштер және ересектер мен балалар киімдері жиналды.

Жөнелтілетін жүк арнайы рейспен жіберіледі. Біз біргеміз!

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -