Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

Дүниежүзілік Туристік Ұйымның штаб-пәтерінде туризм мәселелері талқыланды

4578

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Дүниежүзілік туристік ұйымның (ЮНВТО) Бас хатшысы Зураб Пололикашвилимен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында Қазақстанның ұйыммен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды, сондай-ақ өзара іс-қимылды одан әрі дамыту және нақты жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Атап айтқанда, Қазақстандағы медициналық туризм саласындағы, сондай-ақ басқа да перспективалы бағыттардағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Өз тарапынан З.Пололикашвили Қазақстанмен қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтіп, қазақстандық бастамаларға ықтимал жәрдем көрсетуге дайын екендігіне сендірді.

Кездесу қорытындысы бойынша әңгімелесушілер күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
МИА «DKNews» © 2006 -