Қазақстан мен ТүркПА өнім сапасының жалпы стандарттарын қолданатын болады

43428
Фотосурет: Gov

20 сәуірде «ТҮРКІПА-ға мүше елдердің сауда – экономикалық әлеуетін интеграциялау: жаңа ахуал жағдайындағы көлік қаңқасының болашағы» тақырыбында Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 10-шы отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Басқа елдердің парламентарийлерімен бірге ҚазСтандарт бас директоры Ғабит Мұхамбетов түркітілдес мемлекеттер арасында айналымға шығарылатын өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерін ұсынды.

«Дамудың және қалыптасудың ұзақ кезеңінен өткен түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық сыртқы саясатта әрқашан маңызды орын алды. Бүгін біз түркі мемлекеттерінің барлық негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға ұмтылысын көріп отырмыз» ҚазСтандарт бас директоры Ғабит Мұхамбетов

Адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау, қоршаған ортаны қорғау үшін өнімнің қауіпсіздігі мен сапасының құқықтық негіздерін белгілейтін, қауіпсіз және сапалы өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің біріздендірілген айналым жүйесін құрудың бірыңғай тәсілдерін көздейтін модельдік заң жобасын әзірлеу ұсынылады.

Құжат техникалық реттеу, стандарттау, өлшем бірлігі құралдары, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау қағидаттары арқылы өзара сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -