ҚазҰУ мен «Қазақ газеттері» меморандумға қол қойды

60049

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев «Қазақ газеттері» бас директорының орынбасары – Алматы филиалының басшысы Думан Анашпен кездесіп, алдағы уақытта атқарылатын ортақ жұмыстар мен ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

Ынтымақтастықтың мақсаты – ақпарат алмасуда бірлесіп жұмыс істеу, серіктестікке қарасты басылымдар және kazgazeta.kz ақпараттық портал оқырмандарының сұранысына жауап беретін сапалы ақпараттық-танымдық материалдар жариялау, өзара ақпараттық, консультативтік және әдістемелік қолдау көрсету.

Кездесу барысында құрметті меймандарға оқу ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-дың жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат берді.

Өз кезегінде Думан Анаш «Қазақ газеттеріне» қарасты басылымдарда жариялану бойынша ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері белсенді екенін баса айтты. Сондай-ақ өз сөзінде қонақ бүгінгі меморандум үлкен нәтижелерге бірлесіп қол жеткізуге сеп болатынын жеткізді.

Айта кетейік, «Қазақ газеттері» құрамына қазір 12 басылым кіреді. Олар: «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Теңге монитор», «Ұйғыр авази», «Үркер», «Ақжелкен», «Балдырған», «Ұлан», «Дружные ребята» басылымдары.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -