Минскіде Қазақстан Қорғаныс министрі қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасына қатысты

59301
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы аясында Беларусь астанасының орталық алаңындағы Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған шараға Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов бастаған қазақстандық делегация да қатысып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты рәсімге қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -