Шетел азаматы шекараны заңсыз кесіп өту әрекеті кезінде ұсталды

58949

2023 жылғы 17 мамырда ҰҚК Шекара қызметі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Булаев» (теміржол) бақылау бөлімшесінің шекара наряды РФ-на заңсыз өтпекші болған шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шекаралық бақылауды жүзеге асыру барысында жүк пойызының вагонының үстіңгі бөлігінде жасырынған мемлекеттік шекара бұзушы анықталды.

Ұсталған адам ҚР ӘҚБ Кодексінің 514-бабы 1-тармағының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -