Моңғолия Президенті Қазақстанмен жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді

60687

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 9-шы отырысына келген қазақстандық делегацияны қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Президент Қазақстан мен Моңғолия арасындағы байланысқа жоғары баға беретінін айтып, комиссия жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Қазақстан-Моңғолия үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Дархан Қыдырәлі президентке тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, қазақстандық делегацияны қабылдағаны үшін алғысын жеткізді.

Мұнан соң тараптар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық, экономикалық байланыс туралы сөз қозғады.

Айта кетейік, Ұлан-Батырда Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 9-шы отырысы өтіп жатыр. Онда сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, ауыл шаруашылығы, көлік, мәдениет және спорт, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелер қаралады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -