Қазақстанның көліктік бақылауындағы жаңа ережелер мен үрдістер

5944

2023 жылғы 23 – 25 мамыр аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) ҚР ҚМ МКК Бақылау департаментімен бірлесіп Polycom БКБ көрсетілім арқылы «Көліктік бақылау» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараның мақсаты – Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін автомобиль көлігі туралы заңнама енгізілген өзгерістермен таныстыру және түсіндіру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

Дәріскерлер ретінде Көлік комитеті Ахуалдық орталығының басшысы Қуаныш Қыдырғалиұлы Ермұханов, ҚР ҚМ МКК Бақылау департаменті Транзит басқармасының сарапшысы - Абылайхан Серікұлы Чанаев сөз сөйледі.

Қатысушылар «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы», «Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін, автомобиль тасымалдарын халықаралық қатынаста қолдану қағидаларын бекіту туралы», «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №342 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» заңнамадағы өзгерістермен танысты.

Семинардың қорытындысы бойынша 70 қатысушы біліктілігін арттырды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -