Қазақстан ЕАЭО-да тауарларды қадағалау тетігін ұзартады

6434
Фотосурет: Үкіметтің баспасөз қызметі / Әлішер Әлиев

Еуразиялық экономикалық одақ аумағында қадағалау тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жоба ұзартылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 1 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық одақ аумағында қадағалау тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылғанын еске салады.

Пилоттық жоба шеңберінде қадағалау жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесіне сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар) 11 коды енгізілген.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 44 шешімімен пилоттық жобаны іске асырудың аяқталу мерзімі 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Бұл шешіммен сілтеме арқылы танысуға болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -