Қазақстан заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға кіріседі

6648
Фотосурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы тапсырмасын орындауға, сондай-ақ Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметінің өзекті мәселелерін талқылауға арналған.

Салалық комитеттің отырысына Агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов қатысып, сенаторларды ҚМА жұмысының негізгі бағыттары бойынша нәтижелерімен таныстырды.

Қалалық мәслихат депутаттары мен полиция департаменті басшылығының қатысуымен "Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" және "Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдардың жобалары талқыланды.

Кездесу соңында Сенат депутаттарына ҚМА Алматы қаласы бойынша Департаментінің талдау орталығының мүмкіндіктері көрсетіліп, нақты кейстер мен қылмыстық істердің фигуранттары мысалында активтерді қайтару процесі көрсетілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -