Қазақстандағы метрологияның 100 жылдығы: жетістіктері мен болашағы

6468

25 мамыр елордада "Өлшемдер жаһандық сенімнің негізі ретінде" тақырыбында конференция өтті, оның жұмысына Қазақстан метрологиясы саласында жұмыс істейтін 300-ден астам ғалымдар, зерттеушілер, сарапшылар мен практиктер, сондай-ақ 15 елден келген делегаттар және халықаралық заңнамалық метрология ұйымы (OIML), халықаралық Конфедерация сияқты метрология жөніндегі халықаралық ұйымдардың көшбасшылары қатысты (IMEKO), Парсы шығанағы елдерінің метрология қауымдастығы (GULFMET), ислам елдерінің стандарттары және метрология институты (SMIIC), Мемлекеттік метрологиялық мекемелердің Еуро-Азиялық ынтымақтастығы (COOMET), деп хабарлайды DKNews.kz.

Конференцияның ашылуы ҚР Премьер-министрі Әлихан Асханұлы Смайыловтың құттықтау сөздерінен басталды, оны сауда және интеграцияның бірінші вице-миристрі Арман Шакқалиев айтты.

"Қазақстандық метрология еліміздің Негізгі ғылыми-техникалық прогресіне қызмет етіп қана қоймай, сауданы, медицинаны дамыту, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де түйінді мәнге ие. Сала алдағы уақытта да Қазақстанның тұрақты ілгерілеуіне, елдегі ауқымды және жан - жақты қайта құруларды іске асыруға жәрдемдесетініне сенімдімін" Делінген Премьер-министрдің құттықтауында

Конференция метрология саласындағы өзекті тақырыптар мен сын-қатерлерді талқылауға және Қазақстанда метрологиялық жүйені дамыту үшін стратегиялар мен ұсынымдар ұсынуға мүмкіндік берді.

"Қазақстандық метрология халықаралық аренада құрметке лайық. Бұл стратегиялық маңызды сектор табысты дамып, әлемдік талаптарға сәйкес келетін жоғары стандарттарға қол жеткізді. Қазақстан метрологиялық қамтамасыз ету жүйесін құру және жетілдіру бойынша белсенді жұмыс істеуде, бұған дәлел КООМЕТ Президентін сайлаудағы жеңіс болып табылады" Өлшеу техникасы және аспап жасау жөніндегі халықаралық Конфедерацияның президенстік кеңесінің консультанты профессор Кеннет Граттан

Конференция аясында мынадай тақырыптар бойынша панельдік сессиялар өткізілді:

  1. Цифрлық метрология. Спикерлер ҚР ЦДИАӨМ, Түркияның ұлттық метрология институты, Фудзиан метрология институты және т.б. өкілдері болды.
  2. Адам капиталы: метрологияның трендтері мен болашағы. Спикерлер ҚР ҰКП, Халықаралық өлшемдер жмен салмақтар бюросының, Словак метрологиялық институтының, Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінің және т.б. өкілдері болды.;
  3. Сапа инфрақұрылымындағы метрологияның рөлі. Спикерлер Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымының, Шэньси метрология ғылыми институтының, Босния мен Герцеговина метрология институтының және т.б. өкілдері болды.;

Сонымен қатар, Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында өзара сауда мен экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін метрология бойынша келісімдер мен жол карталарына қол қойылды.

Конференцияға қатысушыларға "Еңбек сіңірген метролог" атағы беріліп, төс медальдар мен алғыс хаттар табысталды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -