Қазақстандық оқушылар әлемдік шахмат олимпиадасын бағындыруға дайын

7875
Фотосурет: ҚШФ

Оқу жылы аяқталуға жақын және оқушылар 31 мамырдың келгенін асыға күтуде. Бірақ олардың кейбіреуі басқа айтулы күндерге дайындалып жатыр. 27 және 28 мамырда Алматыда Шахматтан мектеп командалары арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Ол Республикалық физика-математика мектебінің базасында ұйымдастырылған. Ел біріншілігінің жеңімпаздары осы іс-шара сияқты Қазақстанда өтетін Шахматтан мектеп командалары арасындағы әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оңтүстік астанада өтетін жарысқа Қазақстанның өңір-өңірінен жас шахматшылардың ең мықты мектеп командалары келеді. Балалар облыс орталықтарындағы оқу орындарының негізінде ұйымдастырылған іріктеу турнирлерінен өтті. Алдын ала матчтарға шахматпен әуестенетін барлығы 1949 оқушы қатысты.

Шахмат жарысына арналған іс-шаралар еліміздің бірқатар аймақтарында бұрын-соңды болмаған оқиғаға айналды.

«Бұл Ұлытау облысында бірінші рет өткен шахмат турнирі. Іріктеу турларына көп оқушы қызығушылық танытты, Сәтбаев, Қарсақбайдан командалар келді, балалардың шабыты өте жоғары болды. Біздің облыстық турнирге барлығы 90-ға жуық мектеп оқушысы қатысты» Ұлытау облысы шахмат федерациясының президенті Бағдат Байсалбеков
«Қазығұрт ауылында өткен іріктеу турнирлері балалар үшін нағыз мерекеге айналды! Балалар ойынға дайындалып, оның басталуын тағатсыздана күтті. 18 жасқа дейінгі санаттағы көрнекті ойыншыларды атап өткім келеді – бұл Қазығұрт ауылындағы Еңбекші мектебінен келген Сандуғаш Шәукен, Ұлсая Дайрабек, ал 12 жасқа дейінгі оқушылар санатында Кентау қаласындағы Бөкейханов атындағы мектепке өкілдік ететін Диас пен Димаш Аманбектер» Түркістан облысы шахмат федерациясының вице-президенті Полатбек Дәуітов

Қазіргі уақытта Қазақстанда 7 000-нан астам шахмат секциясы жұмыс істейді. Онда 200 000 адам шахматпен айналысады, оның 50 000-ы балалар. 2016-2020 жылдар аралығында Қазақстан шахмат федерациясы әзірлеп, іске қосқан «Мектептегі шахмат» пилоттық жобасы Алматы, Қызылорда қалалары мен Павлодар облысының 18 мектебін қамтыды. Бағдарламаны іске асыру барысында 85 шахмат оқытушысы дайындалды.

Жобаға 1738 мектеп оқушысы қатысты, оның ішінде 1030-ы эксперименттік топқа, 708-і бақылау тобына кірді. Пилоттық бағдарламаны ендіру қорытындысы бойынша жүргізілген зерттеу көрсеткендей, бақылау тобымен салыстырғанда шахмат ойнағандардың ақыл-ой көрсеткіштері мен креативтілік қабілеті жақсарып, алаңдаушылық деңгейі төмендеген. 

Қазір Қазақстан шахмат федерациясы еліміздің оқу орындарында шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жұмыс жүргізіп жатыр. Оның басты мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің барлық деңгейіне шахматты оқыту пәні ретінде енгізу болып табылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -