Қазақстанның шахмат болашағы: он команда әлемдік біріншілікке дайындалуда

5086
Фотосурет: ҚШФ

Оқушылар арасындағы шахматтан бірінші әлем чемпионатына Қазақстан атынан он команда қатысады, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Кеше Алматыда мектеп командалары арасында шахмат бойынша Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ойындар Алматы қаласында, Республикалық физика-математика мектебінің базасында Алматы қаласы, Бұқар Жырау бульвары, 36 үй мекенжайында өтті.

Жеңімпаз командалар биылғы тамызда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. Аталған чемпионат Ақтауда өтпек, онда әлемнің 50-ден астам елінен келетін мектеп командалары қатысады деп күтілуде. 

12 жасқа дейінгі санатта бірінші орынды Шымкент қаласының №9 IT-лицейінің командасы жеңіп алса, екінші орын Павлодар қаласының №8 мектеп-лицейінің командасына беріліп, үшінші орынға астаналық №72 мектеп-лицейі ие болды.

18 жасқа дейінгі санатта жүлделер былай бөлінді: бірінші орынды чемпионатты өткізетін мектептің командасы – Алматы қаласының РФММ-1 командасы, екінші орынды Алматы қаласының №92 М.Ганди атындағы мамандандырылған лицейі командасы жеңіп алса, үшінші орын Атырау облысының «Білім-Инновация» лицей-интернатына бұйырды.

Чемпионаттың салтанатты жабылу рәсімі аясында жеке классификация жеңімпаздарының есімдері де белгілі болды. Ойыншылардың әр командасы төрт тақтада ойнайтын төрт адамнан тұрды. 

12 жасқа дейінгі алғашқы тақталар арасында Сүлейман Ахмет жеңімпаз атанды. 12 жасқа дейінгі санаттағы екінші тақталар арасында бірінші орынды Нұрәлі Мұсаұлы, үшінші тақталар арасында бірінші орынды Аманбек Өтетілеу жеңіп алды. 12 жасқа дейінгі санаттағы жеке есепте төртінші тақталар арасында бірінші орынды Ибрагим Амангелді жеңіп алды. 

Жеке есепте 18 жасқа дейінгілер бойынша бірінші тақталар арасында бірінші орынды Мирас Асылов, екінші тақталар арасында бірінші орынды Димаш Кәрібаев жеңіп алды. Үшінші тақталар арасында бірінші орын Зарина Нұрғалиеваға, төртінші тақталар арасында Әлихан Дәулетке бұйырды. Жеңімпаздар Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов пен Алматыдағы РФММ директоры Алмас Күнғожиннен сыйлықтар алды.

«Бұл шара елімізде өз форматы бойынша бірінші болып өткізілген және мектептер арасындағы жаңа чемпионат аясында әлемде ФИДЕ туымен бірінші болып Ақтауда өткізілетін жауапты және маңызды шара болды. Алдағы жарыста балаларымыздың болашағы зор екеніне сенімдімін. Араларыңызда бапкерлері мықты, ісіне шынымен жаны ашитын тамаша шахматистер бар. Бұл біздің федерация ретінде балаларымыздың ойын тәжірибесін арттыру, халықаралық жарыстарға қатысуы үшін атқарып отырған үлкен жұмысымыздың басы ғана. Қатысушыларға көп рақмет!» Тимур Турлов, Қазақстан шахмат федерациясының президенті

Негізгі жеңімпаздардан бөлек, мектеп командалары арасындағы әлем чемпионатына өз санаттарында төртінші орын алған командалар жіберіледі. Ол 12 жасқа дейінгі санаттағы Астана қаласының РФММ командасы және 18 жасқа дейінгі санаттағы Алматы қаласының ФМБ НИМ командасы.

«Сонымен қатар, Ақтау қаласы да халықаралық турнирге қатысуға мүмкіндік алады. Бұл қаладан №7 мектеп-лицей мен IT мектеп-лицейінің командалары ойнайды. Олар ел чемпионатының іріктеу ойындарында жеңіске жетіп, тамыз айында Қазақстан атынан қатысатын командалардың қатарына қосылады» Тимур Турлов

Турнир қорытындысы бойынша әлем чемпионатында Қазақстанның намысын он мектеп командасы қорғайды. Қазақстан чемпионатына барлығы 225 бала қатысты. Байқаудың бас серіктесі Freedom Holding Corp. Ұйымдастырушылар – Алматы қаласы әкімдігінің қолдауын алған Қазақстан шахмат федерациясы (ҚШФ).

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -