ИЫҰ-15 диалогтық платформасы: ғылыми әлеуетті біріктіру

4383

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ислам ынтымақтастығы ұйымы – 15 диалог платформасы» тақырыбында ұйым министрлерінің бірінші кездесуі өтті. Халықаралық мұсылман ұйымы бүгінде 57 елдің басын біріктіріп отыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ауқымды іс-шараға Әзірбайжан, Камерун, Индонезия, Иран, Марокко, Түркия, Катар, Иордания, Индонезия, БАӘ, Сауд Арабиясы және т.б. елдердің өкілдері қатысты.

Конференция жұмысын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөзбен ашты. Министр қонақтарға Қазақстанның ғылымды дамыту мақсатында қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді.

«Бүгінгі күннің табыстылығы толығымен адами ресурстардың дамуына, ғылымдағы технологиялық серпіліске және инновациялық көзқарасқа байланысты. Бұл – Қазақстан дамуының жаңа экономикалық бағытының негізгі басымдықтарының бірі. 2022 жылдан бастап Қазақстанда ғылымды қаржыландыру 70 пайызға ұлғайды, бұл ретте ғалымдар мен зерттеушілер саны 1,5 есе өсті. Ғылыми-зерттеу институттарын тікелей толық қаржыландыру және осы бюджетті өз ыңғайына қарай бөлу құқығы енгізілді. Жетекші жоғары оқу орындары мен ірі кәсіпорындардың жанынан ашылған мамандандырылған инжинирингтік орталықтар, ғылыми-технологиялық парктер қарқынды дамып келеді» Саясат Нұрбек

Өз кезегінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев:

«Ислам ынтымақтастығы ұйымы министрлерінің бірінші кездесуінің ҚазҰУ-да өтуі біз үшін үлкен сенім мен биік мәртебе. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер үшін білім беру мен ғылыми зерттеулер сапасын арттыру өте маңызды. Ислам әлемінің ғылыми әлеуеті зор. Алайда адам капиталын дамытуда, әсіресе сапалы білім беру ісіндегі инвестициялардың көлемін арттыру қажет» Жансейіт Түймебаев

«Соңғы кездері мұсылман мемлекеттерінің саяси-экономикалық қарым-қатынастарымен қатар, білім, ғылым, мәдениет саласындағы байланыстарға ерекше басымдық беріліп келеді. Бүгінгі жиынның мақсаты – Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің ғылыми әлеуетін біріктіру, ортақ ғылыми зерттеулерді іске асыру, ортақ кадрлар даярлау, тәжірибе алмасу, ислам елдерінің рухани-гуманитарлық байланыстарын кеңейту, жаңа ғылыми бағыттарды анықтау» Жансейіт Түймебаев

Жиында ИЫҰ-15 диалогтық платформасының қағидаттары мен жұмыс рәсімдері талқыланды, ИЫҰ-ға мүше елдердің және ынтымақтастық салаларының бастамалары қаралды.

Шара барысында ИЫҰ бас хатшысының ғылым және технология мәселелері жөніндегі орынбасары Асқар Мусинов, Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы ғылым-технология жөніндегі тұрақты комитеттің (COMSTECH) директоры Мұхаммед Икбал және ұйым мүшелері баяндама жасап, шараның маңыздылығын атап өтті.

ИЫҰ министрлерінің бірінші кездесуінің қорытындысы бойынша Almaty Rules and Regulations of the OIC-15 Dialogue Platform, adopted by the First Ministerial Meeting келісімі жасалып, делегация басшылары қол қойды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -