ҚазҰУ және COMSTECH: ғылым және технологиялар саласындағы өзара іс-қимыл

4357

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы ғылым-технология жөніндегі тұрақты комитеттің (COMSTECH) директоры Мұхаммед Икбалмен кездесіп, әріптестік қатынастарды одан әрі арттыру бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында университет ректоры құрметті қонақты ҚазҰУ-дың жетістіктерімен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ өз сөзінде оқу ордасының басшысы ҚазҰУ мен мұсылман елдеріндегі университеттер арасындағы әріптестікті дамыту қажеттігіне тоқталды.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ислам ынтымақтастығы ұйымы министрлерінің бірінші кездесуі өтуде. Аталған басқосудың оқу ордамызда өтуі біз үшін үлкен мәртебе. Білім ордасы мұсылман әлеміндегі мемлекеттердің жоғары оқу орындарымен серіктестік орнатқан. Дегенмен бұл жұмысты жандандыру қажет. Осы орайда, Ислам ынтымақтастығы ұйымы арқылы мұсылман әлеміндегі жоғары оқу орындарымен серіктестікті жаңа бағыттарда дамыту маңызды» Жансейіт Түймебаев

Өз кезегінде Мұхаммед Икбал университет ректорына алғысын білдіріп, аталған бастамаларды қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар құрметті мейман Қазақстанның ұйым қызметіне қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.

Кездесу қорытындысында тараптар ортақ мәселелерді талқылап, алдағы уақытта атқарылатын ортақ жобаларды тиімді іске асыру үшін тұрақты байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -