ҚазҰУ-да ИЫҰ орталығының ашылуы: ғылыми ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

4441

«Ислам ынтымақтастығы ұйымы – 15 диалог платформасы» тақырыбында ұйым министрлерінің бірінші кездесуі аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ислам ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының Ғылым және технология мәселелері жөніндегі орынбасары Асқар Мусиновпен кездесу өткізді. Жүздесуде тараптар екіжақты ынтымақтастық бағытындағы мәселелерді талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Құрметті қонаққа Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ ғалымдары әзірлеген инновациялық жобалар туралы ақпарат берді. Өз сөзінде ректор Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы ҚазҰУ мен мұсылман елдеріндегі университеттер арасындағы серіктестікті жандандырып, ғылыми бағытта жұмыс атқару қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ Жансейіт Түймебаев университет базасында ғылыми және технологиялар бағытында Ислам ынтымақтастық ұйымының орталығын ашуды ұсынды.

Өз кезегінде Асқар Мусинов ИЫҰ министрлерінің алғашқы отырысын ҚазҰУ-да өтуіне қолдау білдіргені үшін университет ректорына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Асқар Ахметұлы аталған бастаманы қолдайтынын айтты.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы көшбасшы жоғары оқу орны. Біз Ислам ынтымақтастығы ұйымы орталығының ҚазҰУ-да ашылуын қолдаймыз. Алдағы уақытта бұл мәселе бойынша меморандум қабылдайтын боламыз. Халықаралық ұйымға 57 ел мүше. Сонымен қатар 30-дан астам мұсылман әлеміндегі университеттер кіреді. Осы орайда, Катар, БАӘ және т.б. елдердің өкілдерімен сөйлесіп, Ислам университеттерімен ғылыми бағытта жұмыстар атқаруға жәрдемдесетін боламыз. Бүгінгі кездесуді пайдалана отырып, ҚазҰУ мамандары Африка елдеріндегі жоғары оқу орындарына ІТ және робототехника бағытында дәрістер оқып, тәжірибе бөліссе деген ұсынысым бар» Асқар Мусинов

Тараптар өзге де ортақ мәселелерді талқылап, аталған бастамаларды жоспарлы түрде іске асыруға уағдаласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -