Қазақстан және Ресей университеттері: ынтымақтастықты дамыту жолдары

4426

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ұлы Петр атындағы Санкт-Петербор политехникалық университетінің делегациясын қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Делегация құрамында Санкт-Петербор политехникалық университетінің цифрлық трансформация жөніндегі проректоры Алексей Боровков және оқу ордасының жетілдірілген технологиялар маркетингі бөлімінің жетекшісі Дмитрий Сачава болды.

ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев қонақтарды университет жетістіктерімен таныстырып, ғылыми бағыттар бойынша алдағы жоспарларымен бөлісті.

Ректор өз сөзінде:

«Мен таяуда Санкт-Петербор политехникалық университетіне арнайы жұмыс сапарымен бардым. Университет ректоры Андрей Рудскиймен кездесіп, бірқатар ортақ мәселелерді талқыладық. Білім ордасының инфрақұрылымымен, құрамындағы ғылыми-зерттеу орталықтарымен, жүзеге асып жатқан инновациялық жобалармен таныстым. ҚазҰУ заманауи инновациялық, технологиялық жобаларды коммерцияландыруға басымдық беруде. Біз университетаралық байланыстарды бірлесіп дамытуға дайынбыз. Болашақта екі оқу орны арасында тығыз қарым-қатынас орнайды деген сенімдемін. Оқытушылардың тағылымдамадан өтуі, студенттер алмасу, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру қолға алынатын болады» Жансейіт Түймебаев

Санкт-Петербор политехникалық университетінің проректоры Алексей Боровков келер жылы оқу ордасының құрылғанына 125 жыл толатынын, қазір мерейтойға қызу дайындық жүріп жатқанын атап өтті. Оқу ордасының проректоры университет құрамында алдыңғы қатарлы цифрлық технологияны құру, зерттеу бағытында он орталық жұмыс істейтініне, мемлекеттің инновацияны дамытуға көп күш жұмсап жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ жастарды ғылымға тарту үшін атқарылып жатқан жұмыс барысына тоқталды.

Алексей Боровков ҚазҰУ-ға сапары барысында университеттің оқытушы-профессорлық құрамы мен білім алушыларға арнап «Жетілдірілген цифрлық және өндірістік технологиялар. Ұлттық және федералды жобаларды іске асыру шеңберінде өнеркәсіппен өзара әрекеттесу моделі» тақырыбында дәріс оқып, тәжірибесімен бөлісті.

Санкт-Петербордан келген қонақтар ҚазҰУ-дың Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығында, ғылыми-технологиялық паркте болып, ғалымдармен кездесті. Сонымен бірге механика-математика және физика-техникалық факультеттерінің ғылыми-зерттеу зертхана жұмыстарымен танысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -