Қазақстан мен Әзербайжанның әскери заңгерлері қарулы күштердің қызметін құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

4289
Фотосурет: ҚР ҚМ

Астанада Қазақстан мен Әзербайжан қорғаныс ведомстволарының заңмен қамтамасыз ету органдары өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар ақпарат алмасу түрінде қорғаныс ведомстволары заң қызметінің құрылымымен танысты. Қарулы күштерді құқықтық қамтамасыз ету, нормаларды белгілеу іс-әрекеті және құқық қолдану практикасы мәселелерін талқылады. Одан бөлек, әскери заңгерлерді даярлау және біліктілігін арттыру аспектілері де қозғалды.

Қазақстандық тарап шетелдік әріптестерін әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандырудың қолданыстағы жүйесімен және әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін әлеуметтік пакетті кеңейте отырып, әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған шаралармен таныстырды.

Шетелдік қонақтар сондай-ақ, Қазақстан астанасының көрікті жерлерімен танысып, ЭКСПО-ға және «Бәйтерек» монументіне барды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -