ҚазҰУ және Жібек жолы университеттерінің желісі: әріптестікті нығайту

4576

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Жібек жолы университеттері желісінің (SUN) бас хатшысы Хван Сундонмен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мәртебелі қонақ студенттер қалашығымен танысып, ҚазҰУ мұражайын аралап, университет басшылығымен жүздесіп, пікір алмасты.

Ректор Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ қызметі мен жетістіктеріне тоқталып, оқу орнының ғылым, білім саласында Жібек жолы университеттері желісімен тығыз байланыста екенін атап өтті.

ҚазҰУ осы ұйымның негізін қалаушылардың бірі және SUN (Silk Road Universities Network) Директорлар кеңесінің мүшесі. Халықаралық ұйым әлемнің 28 еліндегі (Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Орталық Азия, Еуропа, Таяу Шығыс, АҚШ) 81 университет пен институтты біріктіріп, Жібек жолын зерттеу мәселелерімен айналысуда. Жыл сайын халықаралық конференциялар өткізіп, түрлі мәдени бағдарламаларды жүзеге асырады.

«Біз ұйымның бастамасымен жүзеге асырылатын барлық жобаларға белсенді қатысуға, сондай-ақ ҚазҰУ-да ауқымды шаралар өткізуге дайынбыз. Ортақ ғылыми және білім беру жобаларын тиімді жүзеге асыру үшін SUN мүшелерінің бірлесіп жұмыс атқарғанын қолдаймыз» Жансейіт Түймебаев

Жібек жолы университеттері желісінің бас хатшысы Хван Сундон ҚазҰУ-мен серіктестікті дамытудың болашағы туралы бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, ҚазҰУ-да университеттің 90 жылдығын мерекелеу аясында 2024 жылы халықаралық, экономикалық конференция өткізу.

«Әріптес университеттің өміріндегі маңызды оқиғаларды атап өту біз үшін үлкен мәртебе. Конференцияны Қазақ ұлттық университеті мен SUN арасындағы өзара іс-қимылға арнауға болады. Біз сондай-ақ ҚазҰУ студенттерін SUN тарапынан өткізетін фотография, жазу және спикерлер номинациялары бойынша өтетін байқауларға тартқымыз келеді. Биылғы спикерлер байқауы Румыния астанасы Бухарест қаласында өтеді. Біз ҚазҰУ студенттерін осы байқауға қатысуға шақырамыз» Хван Сундон

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты дамыту, бірлескен жобалар мен бастамаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -