ҚазҰУ және Google: ғылыми инфрақұрылымды дамыту және стартап-жобалар

4487

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Орталық Азия мен Моңғолиядағы Google for Developers және Google for Startups үйлестірушісі Асқар Айтуовты қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әңгіме барысында университеттегі Google студенттік клубы жұмысын жетілдіру және жастардың интеллектуалдық қабілеттерін арттыру үшін оларды Google жарыстарына қатыстыру мәселесі талқыланды.

Ректор Google өкіліне ҚазҰУ-дың ғылыми инфрақұрылымын дамыту барысы туралы айтып, университет базасында студенттер әзірлеген нәтижелі инновациялық стартаптарға тоқталды.

Өз кезегінде Асқар Айтуов университет ректорына алғысын білдіріп, цифрлық технологияларды дамыту бағыттары бойынша бірқатар ұсынысын ортаға салды. 

Тараптар аталған бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға уағдаласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -