Иордания Қазақстанмен инвестиция мен ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отыр

5056

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иордания Хашимит Корольдігі Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер және экспатрианттар министрі Айман Сафадимен телефон арқылы сөйлесіп, оның барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

А. Сафади қазақстандық әріптесін жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, жауапты жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде М. Нұртілеу сұхбаттасушыға жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Иордания СІМ басшысы саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтіп, осы орайда инвестиция, туризм, азық-түлік қауіпсіздігі, IT және өзге салалардағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытатынын жеткізді. Сонымен қатар алдағы уақытта Иордания Королі Абдалла ІІ бен Хуссейннің Қазақстанға ресми сапары жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Сұхбат қорытындысы бойынша тараптар жуық арада сыртқы істер министрлері деңгейінде қарымта сапарлар жасауға уағдаласты. Телефон арқылы сөйлесу Иордания тарапының бастамасымен өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -