Алдағы Астана Форумы: Африканың жаһандық істердегі ерекшеліктері мен рөлі

3876

Эфиопия делегациясының осы жылдың 8-9 маусымында Астана Халықаралық Форумына қатысу мәселелері Қазақстан Елшілігі Эфиопиядағы Инвестициялар және желілер орталығымен бірлесіп ұйымдастырған сараптамалық кездесудің басты назарында болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесуге Қазақстанмен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі Эфиопия бизнес өкілдері қатысты.

Қазақстанның Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Астанадағы форумның ерекшеліктері мен жаһандық даму мәселелері бойынша алдағы талқылаулардың тақырыптары туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, Елші Эфиопияның бұрынғы президентіне форумның бірінші күнінде Африка мен пан-африканизмнің жаһандық істердегі рөлі туралы сұрақтарға жауап беретін арнайы панельдік сессия берілетінін атап өтті. М.Тешомедан басқа, Эфиопиядан форум жұмысына Сауда және аймақтық интеграция министрі Гебремескель Чала, сондай-ақ кәсіпкерлер тобы қатысады деп күтілуде.

Жалпы, Эфиопия сарапшылары Астанадағы форумға эфиопиялық делегацияның қатысуына үлкен қызығушылық танытып, екіжақты ынтымақтастықтың зор перспективаларын атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -