Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастық: экономикалық серіктестіктің жаңа кезеңі

3951

Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Белград қаласының мэрі Александр Шапичпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандық дипломат Белград мэріне Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің Қазақстанның бас қаласында өтуі жоспарланған әкімдер форумына және ү.ж. 6 шілдеде Елорда күнін мерекелеу аясындағы іс-шараларға құрметті қонақ ретінде қатысу үшін тиісті шақыруды тапсырды.

Сұхбат барысында тараптар екі мемлекеттің елордалары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Атап айтқанда, басты назар экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара іс-қимыл мәселесіне, оның ішінде, Белградта бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша қазақстандық компаниялардың бастамаларына қолғабыс көрсетуге ерекше назар аударылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -