Қазақстан мен Швеция парламенттік байланыстарды нығайтуды талқылады

4029

Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшісі С. Нұртаев Швеция Корольдігі Риксдагінің (Парламент) Сыртқы істер комитетінің Спикері Арон Эмильссонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барсында тараптар Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, барлық салалардағы ынтымақтастықты нығайтудағы екі ел парламенттерінің рөлін күшейту, парламентарийлердің өзара сапарлары туралы пікір алмасты.

Қазақстанның Елшісі Швеция парламентарийін Қазақстандағы саяси өзгерістер мен Президент Қ.Тоқаевтың жүзеге асырып жатқан елдегі демократиялық реформалары туралы хабардар етті. Сонымен бірге, парламентаризм институтының сапалы жаңғыртылуын және оның Қазақстандағы заманауи дамуын ерекше атап өтті.

Қазақстандық дипломат Қазақстан мен Швеция арасындағы сенімді диалог пен ынтымақтастықты нығайтудағы парламенттік дипломатияның ерекше рөлін атап өтіп, сондай-ақ екі елдің парламенттеріндегі ынтымақтастық жөніндегі топтар деңгейінде парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға жәрдемдесуге дайын екенін хабарлады.

Өз кезегінде Рикдсагтың Сыртқы істер комитетінің спикері А.Эмильсон Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалап және екіжақты деңгейде, сондай-ақ халықаралық парламенттік ұйымдар шеңберінде парламентаралық байланыстарды тереңдетуге күш салуға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, швед депутаты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйін сұрап, қазақстан-швед әріптестігі үшін экономиканың ерекше маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша екіжақты парламентаралық іс-қимыл тәжірибесін жалғастыруға және Риксдаг Сыртқы істер комитеті мен Қазақстан Парламенті палаталарының өкілдері арасында байланыс орнатуға келісті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -