Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі: Швециямен ынтымақтастықтағы өзара қызығушылық

4184

Қазақстан Республикасының Швециядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі С. Нұртаев Стокгольм қалалық мэриясы кеңесінің президенті Олле Буреллмен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында Стокгольм қалалық мэриясы кеңесінің Президентіне Астана қаласы әкімінің атынан Қазақстан астанасы күнін дәстүрлі жыл сайынғы мерекелеуде құрметті қонақ болуға шақыру табысталды.

Әңгімелесу барысында сұхбаттасушыны елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалармен таныстырып, инфрақұрылымдық жобаларға, мәдениетке, туризмге, инвестициялық ахуалға, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының және Орталық Азиядағы «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің мүмкіндіктеріне қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Сауда-экономикалық, әсіресе қоршаған ортаны трансформациялау, цифрландыру және көлік салаларында ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды әлеуеті атап өтілді. Осыған байланысты екі елдің астаналары арасындағы ынтымақтастықты институционализациялау, оның ішінде делегациялардың сапарларын өткізу және өзара іс-қимылдың жоғарыда аталған барлық бағыттарын қамтуы мүмкін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою мүмкіндіктері туралы пікір алмасу болды.

Қазақстандық тараптың экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екендігін жеткізіп, Стокгольмнің қалалық тұрақты даму және жасыл технологиялар саласындағы айтарлықтай тәжірибесін атап өтті.

Сонымен қатар, О.Буреллдің – Стокгольм халықаралық су ресурстары институтының (SIWI) басқарма төрағасының орынбасары ретінде қосы атқарып жатқан лауазымын ескере отырып, Швецияның су шаруашылығы жүйесін автоматтандыру тәжірибесін, сондай-ақ Корольдіктің су ресурстарын мемлекеттік басқару жүйесін зерттеуге қызығушылық танытты. Осы саладағы ынтымақтастықты тереңдету және одан әрі ынтымақтастық үшін тараптар Қазақстанның тиісті құзырлы органдары мен SIWI арасында байланыстар алмасу туралы келісімге келді.

Өз кезегінде О.Бюррелл Қазақстанның байыпты реформалар мен тиімді әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізіп, экономиканы жаңғырту мен жоғары технологияларды тартудағы Орталық Азиядағы жетекші рөлін атап өтті, Астананың прогрессивті дамуын жоғары бағалап, екі ел астаналар арасындағы ынтымақтастықты орнатуға дайын екенін білдірді.

Астанада өткен Қазақстанның бірқатар ірі халықаралық іс-шаралары, атап айтқанда, ЕҚЫҰ Саммиті, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі және басқалары Стокгольм қалалық мэриясының кеңесі төрағасының ерекше назарын аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша бірлескен жобаларды одан әрі дамыту мақсатында диалогты жалғастыруға келісті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -