Қазақстан – Швейцарияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі

4197

Қазақстан Елшісі Қайрат Саржанов 8 маусымда Астана халықаралық форумының жұмысына қатысатын Швейцария экономикасы мәселелері бойынша Мемлекеттік хатшылығы Сыртқы экономикалық дирекциясының басшысы Иво Германнмен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Орталық Азияға өсіп келе жатқан халықаралық қызығушылық контексінде осы диалог платформасының маңызды рөлін атап өтіп, тараптар инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, швейцариялық компанияларды Қазақстан экономикасының басым салаларына инвестициялауға тарту және екіжақты тауар айналымын ұлғайту мүмкіндіктерін талқылады.

И.Герман макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту, экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті дамыту және заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі ауқымды саяси реформалар мен шаралар Қазақстанның Орталық Азиядағы Швейцарияның негізгі серіктесі ретіндегі орнын нығайтып, инвестициялық және сауда ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен инновациялық жобаларды іске асыруға және технологиялар трансферіне ықпал етеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -