Қазақстан мен Испания: сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту

4346

30 мамыр айында Астана қаласында Қазақстан-Испания экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері, білім беру, инфрақұрылым және авиация, қала құрылысы, цифрландыру және т.б. кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Қазақстан тарапынан Үкіметаралық комиссияның тең төрағасы – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, испан тарапынан – Испанияның Сауда жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Шиана Маргарида Мендес Бертоло болып табылады.

Қайрат Төребаев 2022 жылы Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымы 41,7 пайызға артып, 2,6 миллиард АҚШ долларына жеткенін айтты, екіжақты тауар айналымының көлемін одан әрі арттыру және оның оң серпінін сақтау үшін бірлескен күш-жігер қажеттігін атап өтті.

«Қазақстанның сыртқы сауда операцияларын жандандыру, оның ішінде екі елдің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында тікелей байланыстар үшін жағдай жасау, өзара инвестициялық жобаларға белсендірек қатысу, тауарлар ассортиментін кеңейту арқылы жеткілікті әлеуеті бар. Біздің есептеуіміз бойынша, болашақта қазақстандық компаниялар Испания нарығына қосымша, бұл металлургия, мұнай-химия, азық-түлік, химия, машина жасау өнеркәсібі өнімдері, сондай-ақ құрылыс тауарлары, 90 өңделген тауарды $660,1 млн. сомасына жеткізе алады. Мен екі елдің іскер топтары арасында серіктестер іздестіру және жеткізілімдерді құру бойынша тұрақты негізде жұмыс істеуді ұсынамын» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев

Үкіметаралық комиссияның жұмысы қорытындысы бойынша тараптар оның нәтижелеріне қанағаттанғандықтарын білдіріп, Хаттамаға қол қойды. Кезекті 11-шы отырысын кездесу Мадрид қаласында өтеуі жоспарлады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -