Астана Халықаралық форумы әлемдік деңгейдегі көшбасшыларды жинайды

4398

2023 жылдың 8-9 маусым күндері Елордада Астана Халықаралық форумы өтеді.

Форумның басты тақырыбы: «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында».

Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған үздік сарапшылар қазіргі кездегі жаһандық мәселелердің шешімін табу мақсатында жиналады.

Құрметті қонақтар арасында:

  • Мәртебелі Шейх Тамим бин Хамад Аль Тани, Катар мемлекетінің Әмірі
  • Мәртебелі Садыр Жапаров, Қырғыз Республикасының Президенті
  • Мәртебелі Желька Цвиянович, Босния және Герцеговина Президиумының төрағасы
  • Д-р Нгози Оконджо-Ивеала, Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры (ДСҰ)
  • Одрэ Азуле, Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Бас директоры (ЮНЕСКО)
  • Армида Алисжахбана, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары және Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхит Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) атқарушы хатшысы
  • Кристалина Георгиева, Халықаралық Валюта Қорының Басқарушы директоры (ХВҚ)
  • Мирослав Енча, БҰҰ Бас хатшысының Еуропа, Орталық Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка мәселелер жөніндегі көмекшісі, БҰҰ Орталық Азия бойынша Превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығы басшысының міндетін атқарушы
  • Ивана Живкович, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, Әкімшісінің көмекшісі және БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа және ТМД аймақтық бюросының директоры
  • Хельга Шмид, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы
  • Маргарета Седерфельт, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы
  • Чжан Мин, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы
  • Одиль Рено-Бассо, Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті
  • Масацугу Асакава, Азия даму банкінің (АДБ) президенті
  • Сухейль Мұхаммед Фарадж әл Мазруи мырза, Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі
  • Януш Войцеховский, Еуропалық ауыл шаруашылығы жөніндегі комиссар
  • Мулату Тешоме мырза, Эфиопияның экс-президенті
  • Ласина Зербо мырза, Буркина-Фасоның экс-премьер-министрі
  • Томас Гремингер, швейцариялық дипломат және ЕҚЫҰ экс-Бас хатшысы
  • Дэниел Ергин, S&P Global төрағасының орынбасары
  • Рае Квон Чунг, Ban Ki-moon Foundation for a Better Future қорының директоры және Корея Республикасының климат өзгеруі жөніндегі экс- кеңесшісі бар.

Форумға 1000-нан астам шетелдік қонақтар келеді. Халықаралық қоғамдастық АХФ мақсаттары шеңберінде мемлекетаралық ынтымақтастық модельдерін және жаңа жаһандық әріптестіктерді қалыптастыруды көздейді.

Екі күнге созылатын форум барысында барлық қатысушылар 4 негізгі бағыт бойынша мәселелерді шешудің жаңа жолдарын қарастырады:

  • Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік;
  • Халықаралық даму және тұрақтылық;
  • Энергетика және климаттың өзгеруі;
  • Экономика және қаржы.

Форум аясында жоғарыда аталған бағыттар бойынша 40-тан астам панельдік сессиялар, бейресми пікірталастар және басқа да бағдарламадан тыс іс-шаралар өткізіледі.

Форумның стратегиялық серіктестері – БҰҰ және CNN.

БҰҰ жоғары деңгейдегі спикерлерді ұсыну және өздерінің бірнеше агенттіктерінің қатысуын қамтамасыз ету арқылы іс-шараға қолдау көрсетеді.

CNN – әлемге танымал жаңалықтар арнасы. Сондықтан олардың стратегиялық медиа серіктес ретінде қатысуы форумға ерекше салмақ береді. CNN жүргізушісі Ричард Квест Пленарлық отырыстың модераторы болады.

Қазақстан үкіметі ұйымдастырған форум EXPO-да орналасқан Конгресс-Центрде, еліміздің көрнекті көрме кешенінде өтеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -