Қазақстан Транскаспий маршрутының өткізу қабілетін арттыруға ұмтылуда

4304
Фотосурет: Gov

Қазақстан цифрлық шешімдерді енгізу және инфрақұрылымды жаңғырту арқылы Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКБ) өткізу қабілетін жүйелі түрде арттыруды көздеп отыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Транскаспий халықаралық көлік дәлізі «Қытай – Орталық Азия-Еуропа» бағдарының негізгі бөлігі саналады. Бүгінде осы бағыттың стратегиялық маңызы арта түсті» Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың негізгі жүк жөнелтуші екенін ескере отырып, бұл бағыттың максималды және үздіксіз жүктелуін қамтамасыз ету үшін бірлескен жұмысты күшейту қажет екенін айтты.

«Біз қытайлық серіктестермен бұл салада өзара тиімді ықпалдастық орнатуға мүдделіміз. Каспийдегі теңіз порттарының мүмкіндігін кеңейту ісіне атсалысуға шақырамыз. Порт қызметін цифрландыру және жүк кемелерін жасау үшін бірге жұмыс істеуге дайынбыз» Қасым-Жомарт Тоқаев

Елбасының айтуынша, Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолының әлеуетін пайдалану да екі ел үшін үлкен перспективалар ашады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағыт Шығыс Азиядан Парсы шығанағы елдеріне дейінгі ең қысқа жолдардың бірін дамытудағы маңызды буын болып табылатынын айтты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -